Қарулы күштердің жеке құрамына тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасы әзірленді.
Құжат ережелерді "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында қабылданады.
Нормативтік құқықтық актіде қызметті бюрократиясыздандыру, әскерлердің түрлері мен тектері, өңірлік қолбасшылықтар, Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Бас штаб және Қарулы күштер деңгейінде есептілікті қысқарту жөніндегі шаралар бекітіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 23 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1460412