Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздік шаралары жөніндегі қағидалар бекітілмек

27-02-2023, 19:27 Думан Кенжеғазыұлы

Әскери полиция бас басқармасы «Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Бұл қағидалар әскери басқару органдарының «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңының нормаларына сәйкес қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Аталған құжаттың жаңа редакциясы 2023 жылғы 3 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануына байланысты әзірленіп отыр.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 наурызына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14430370

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив