Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Бизнес және ауыл шаруашылығы: ірі консорциум Батыс Қазақстан облысындағы аграршыларды қалай қолдайды

12-12-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қарашығанақ Оперейтинг Б. В.» арасында жасалған меморандум бойынша жұмыстардың орындалу барысын талқылады. Келісімге биылғы шілдеде қол қойылған. Ол бойынша консорциум жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін сатып алуға міндеттенді.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов азық-түлік жеткізудегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін кооперация құрудың 5 негізгі бағыты анықталғанын айтты. Мәселен, «Батыс сүт» АШӨК Бәйтерек, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау және Тасқала аудандарындағы 12 ауыл шаруашылығы кооперативінен сүт жинаумен айналысады.

«Орал құс фабрикасы» ЖШС «Ауыл аманаты» қатысушыларынан жұмыртқа алып, оларды компанияға жеткізеді. Ол өз құс фермасының өнімдерін де сатады. Қуаты жылына 900 мың жұмыртқа болатын құс фермасы бар негізгі жоба ретінде Бәйтерек ауданынан «Аманат-22» кооперативі де жұмыс істейді.

«Батыс Нық» ЖШС облыстың оңтүстік аудандарында (Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов және Бөкей ордасы) бағдарламаға қатысушылардан ірі қара малды жинап, оны арнайы алаңдарда бордақылауға, ет өңдеу цехында қайта өңдеуге және «Қарашығанақ Оперейтинг Б.В.» өнімдерін жеткізуге ниетті.

«Рубежинский» АШӨК бағдарламаға қатысушылардан көкөністер жинайды.

«Шалқар құс» АШӨК өз өнімдерін өндірумен және өңдеумен айналысады, оны компанияға жеткізеді.

«Қарашығанақ Оперейтинг Б. В.» компаниясының мердігерлік ұйымдарында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін 10 млн теңгеге 2 тонна май сатылды; 34 млн теңгеге 679,3 мың жұмыртқа және 264 млн теңгеге 131,8 тонна ет сатылған.

Алдағы уақытта негізгі кәсіпорындар компанияның сұраныстарына сәйкес өнімге қажеттілікті толығымен қанағаттандыруды жоспарлап отыр.

Вице-премьер Батыс Қазақстан облысында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге өңірлерге де ірі компаниялармен байланыс орнату бағытында тәжірибе алмасуға тапсырма берді. 

Анықтама: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бес бағыты бойынша компанияның жылдық қажеттілігі: сиыр еті – 162 тонна немесе 324 млн теңге, сары май – 16 тонна немесе 80 млн теңге, құс еті – 270 тонна немесе 351 млн теңге, жұмыртқа – 2,9 млн дана немесе 145 млн теңге, картоп – 486 тонна немесе 73 млн теңге, қырыққабат – 151 тонна немесе 19 млн теңге, сәбіз – 168 тонна немесе 25,2 млн теңге, пияз – 203 тонна немесе 24 млн теңге.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив