Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Қарулы Күштердің жеке құрамын есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

13-12-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Бұл құқықтық құжат «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға қаражат есептеу, оны төлеу және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленіп отыр. 

Одан өзге құжатта әскери қызметке жаңадан шақырылған азаматтарға әскерге шақыру орны бойынша, яғни әскери бөлімде не мекемеде әскери билеттер беру көзделеді. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін жергілікті әскери басқару органдарына барудың қажеті жоқ.

Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 27 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15348039 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив