Қанат Шарлапаев Абай облысындағы өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарын аралады
12 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі іргелі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады.
Бірінші нысан ауыл шаруашылығы және автомобиль техникасын шығаруға маманданған «СемАЗ» ЖШС болды. Зауыт «Беларус», «JINMA», «YTO» тракторларын, «Shacman», «Урал», «DongFeng», «ГАЗ» және «Hino» жүк көліктерін, сондай-ақ «DongFeng» және «Zhongtong» автобустарын шығарады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты таң қалдырады: жылына 3500 трактор, 10 000 жүк көлігі және 1200 автобус.
Келесі кезекте министр DAEWOO қалалық және қала маңындағы автобустарды, сондай-ақ ГАЗ шағын автобустарын шығаратын «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-де болды. Өндіріс процесіне шанақ бөліктерін құрастыру және дәнекерлеу, бояу, соңғы құрастыру, герметикалық тексеру және өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігі кіреді.
Сондай-ақ ол асбест-цемент өнімдерін шығаратын «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-де болды. Өнім ассортиментіне хризотил цементті табақ, асбестқатырмақағаз және автоклавты газдалған бетон кіреді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2,97 ш.м. хризотил цементті табақ, 500 тонна асбестқатырмақағаз және 60 мың текше м. автоклавты газдалған бетон.құрайды.