Курчатов қаласы «Ақылды қала» жүйесіне көшпек
Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімді көрсетуде. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев баяндады.
- Қаланың өз кірістерінің биылғы жылға жоспарланған 2 миллиард теңгесінің 98%-ы 10 айдың ішінде орындалды. Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,8%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 131,3%-ға, бөлшек тауар айналымы 114,7%-ға артты. Сонымен қатар, «BETA IZOL» және «Altyn Group Qazaqstan» сияқты жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Бұл кәсіпорындар 55 жаңа жұмыс орнын ашып, инвестиция тартуға елеулі ықпал етті, – деп атап өтті қала әкімі.
Спикердің айтуынша, инфрақұрылымды дамыту саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылған.
- Қала жолдарын жаңарту үшін 1,3 миллиард теңге бөлініп, биыл 7150 шаршы метр шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала көшелері 100% жарықтандырылып, болашақта «Ақылды қала» жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Биыл 9 балалар алаңы орнатылды, ал 2025 жылға дейін барлық 42 аула толықтай абаттандырылады. Әлеуметтік жобалар аясында 2025 жылы «Тополек» балабақшасы өз жұмысын бастайды, сондай-ақ ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Екі мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жасалып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсартылды. Дегенмен, маман тапшылығы мәселесі әлі де өзекті, – деп мәлімдеді Болат Әбдірәлиев.
Сонымен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қалада биыл 71 отбасы пәтерге ие болған.
- Қоғамдық орындарды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2025 жылға дейін барлық аулаларды абаттандырып, ойын алаңдарымен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Қалада «Құрылысшылар аллеясы», Ертіс өзенінің жағасындағы «Ақ балкон», Олимпийская көшесіндегі аллея және басқа да нысандар жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру мәселесі Үкімет пен Парламентте талқылануда. Бұл мәртебе қаланың дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз, – деп түйіндеді Курчатов қаласының әкімі.
Тағыда оқыңыз
Қазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМААБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ