Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Сенатта есірткі айналымына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқыланды

18-12-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің,  прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасы есірткі айналымына қарсы күрес шараларын жетілдіруге және олардың өндірісі, таралуы мен қолданылуына жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, құжатта есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен курьерлерге қатысты жаза түрлерін айқындау, қылмысқа тартылған жастардың жауапкершілігін жеңілдету және есірткі желілерінің басшыларына жазаны күшейту ұсынылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекске жаңа баптар енгізіліп, тыйым салынған өсімдіктерді өсіру және күшті әсер ететін заттардың айналымы туралы нормалар нақтыланды.

Заң жобасында сонымен қатар психоактивті заттарға тәуелді адамдардың электрондық тізілімін жасау, «токсикомания» ұғымын нақтылау және есірткіні медициналық емес мақсатта пайдалануға тыйым салудың алдын алу шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, есірткілік заттар бар дәрілік препараттардың берілу тәртібін реттеу арқылы олардың заңды айналымына бақылауды күшейту көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив