Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Аягөзде электр желісін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда

19-12-2024, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

18.12.2024 жылы сағат 23.30-да Аягөз ауданының 101 төтенше жағдай  арнасына «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясының ( подстанция) жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті

Өрт сөндіру жұмыстарына  4 АЦ өрт сөндіру көлігі, 15 қызметкері жұмылдырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері бойынша сағат 23:59-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалпына келтіру жұмыстары нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі және Аягөз қаласынан басқа барлық ауылдық округтер электр энергиямен толығымен қамтамасыз етілді. 

Қала бойынша бірінші кезекте  орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда 5 уі іске қосылды. 1 -ін қосу іске асырылуда. Тұрғындарға электр қуатын беру жұмыстарын «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ қызметкерлері  ақаулықты жою барысында атқаруда.

«БЭСК» АҚ Үржар, Жарма аудандары мен Өскемен және Семей қалаларынан келген 7, сондай-ақ Аягөзден 3 бригада жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив