Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Арман Шаққалиев: Made in KZ өнімдеріне тек БАӘ ғана емес, Парсы шығанағының басқа елдерінен де сұраныс туып жатыр

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстандық делегациясы БАӘ-нің жетекші сауда желілері – LuLu Group International және Grandiose басшылығымен табысты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізуді кеңейту, оларды БАӘ нарығына шығару және Қазақстанды азық-түлік хабы ретінде ілгерілету мәселелерін талқылады.

Министр Арман Шаққалиев Қазақстанның БАӘ-ге ет, бал, уылдырық және шоколад сияқты жоғары сапалы өнімдердің кең ассортиментін ұсынуға дайын екенін атап өтті. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі 2025 жылы қазақстандық өнімдердің БАӘ нарығындағы танымалдылығын арттыруға бағытталған бірлескен маркетингтік кампанияны өткізу болды. Сондай-ақ тараптар жеке сауда маркалары (ЖСМ) аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл қазақстандық экологиялық таза және сапалы өнімдерді тұтынушыларға ұсынуға мүмкіндік береді.

LuLu сауда желісінде қазақстандық өнімдер мен тағамдардың дегустациялық алаңы ұйымдастырылды. Мәзірге қазақстандық қой етінен дайындалған дәстүрлі тағамдар – палау мен сірне ұсынылды. Қазір қазақстандық ет аталған супермаркет желілерінде сатылымда бар.

Одан әрі қазақстандық делегация кейін Grandiose желісіне барды. Желінің сөрелерінде Қазақстаннан әкелінген өнімдер – кәмпиттер, кондитерлік өнімдер, күріш, бал, уылдырық, тұз және су ұсынылды. Сауда желісінің санаттық менеджерлерімен кездесулер өткізіліп, қазақстандық өнімдерді жүзеге асыру және олардың ассортиментін кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Grandiose сауда желісімен меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, тараптар қазақстандық өнімдерді желі сөрелеріне шығару бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

«Бүгін біз БАӘ-дегі сауда желілерінде қазақстандық өнімдерді таныстырып, кондитерлік өнімдер, бал, түйе сүтінен жасалған құрғақ ұнтақ сияқты негізгі экспорттық өнімдер бойынша road show өткіздік. Бұл – Парсы шығанағындағы барлық елдерде өкілдіктері бар LuLu желісі үшін жарнамалық акцияның бір түрі. Біз бұл жұмыс жақсы нәтиже беретініне және жақын арада қазақстандық өнімдер тек БАӘ-де ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағы елдерінде де лайықты орын алатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

 Анықтама:

LuLu Group International – Таяу Шығыс, Азия, Африка және Еуропада 200-ден астам дүкені бар жетекші халықаралық супермаркеттер мен гипермаркеттер желісі. Компания азық-түлік, тұрмыстық техника және тұрмысқа қажетті тауарлардың кең ассортиментін ұсына отырып, сапалы өнімдерді дистрибуциялау саласында көш бастап келеді.

Grandiose – БАӘ-де жұмыс істейтін премиум сегменттегі 50 супермаркеттен тұратын желі. Желі жергілікті брендтердің тауарларын, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен гастрономиялық және диеталық өнімдерді ұсынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив