Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Арман Шаққалиев БАӘ ірі сауда желілерімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

1-03-2024, 11:18 Мадина Айдарова

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Дубайдағы Grandiose Supermarket ритейл-дүкендер желісіне кіретін Ghassan Aboud Group компаниялар тобының топ-менеджментімен кездесті.

Кездесуге Ghassan Aboud Group бас директоры МусаабАбуд, Grandiose коммерциялық директоры Карлос Бермудес, сондай-ақ «QazTrade» ССДО» АҚ бас директоры Жеңіс Өсербай қатысты.

Тараптар Ghassan Aboud Group компаниясымен ынтымақтастық, соның ішінде Grandiose Supermarket супермаркеттер желісіне қазақстандық өнімді жеткізу мүмкіндігін талқылады.

Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан үшін БАӘ - энергия ресурстарының орасан зор қоры бар ел ғана емес, Таяу Шығыстағы заманауи туристік, көліктік-логистикалық және өндірістік хабы да тез дамып келе жатқан ел.

Grandiose Supermarket - бұл тауарларды жеткізушілерден тікелей сатып алатын, сондай-ақ Abu Dhabi Hub арқылы өнімді басқа Шығанақ елдеріне, Африкаға және т.б. қайтаэкспорттауға жіберетін өсіп келе жатқан ритейл желісі.

Корпорация басшысының айтуынша, БАӘ нарығының негізгі тренді сатып алушының мінез-құлқының күрт өзгеруі болып табылады және бұл жерде жеткізушінің дайындығы мен бейімделуі маңызды. Егер қазақстандық экспорттаушы осындай шарттарды қабылдаса, компания біздің кәсіпкерлерге алаң ұсынуға дайын.

Өз кезегінде, сауда және интеграция министрі экспортты қолдаудың мемлекеттік шараларының арқасында Қазақстан БАӘ нарығында бәсекеге қабілетті баға ұсына алатынын хабарлады. Мусааб Абуд мырзаның пікірінше, бұл қазақстандық тауарлардың тартымдылығына оң әсерін тигізеді.

Келіссөздер нәтижелері бойынша Ghassan Aboud Group пен қазақстандық өндірушілер арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-қимыл жоспары әзірленеді деп күтілуде.

Сол күні қазақстандық бизнес өкілдерінің Grandiose Supermarket супермаркеттер желісімен кездесуі өтті. Бұл жерде тамақ өнеркәсібінің түрлі секторларынан 20-дан астам компания өз өнімдері мен экспорт әлеуетін ұсынды.

Кездесуге шырын, бал өнімдері, макарон және ұн өндірушілер, сондай-ақ күнбағыс майы мен басқа да азық-түлік өнімдерін шығаруға мамандандырылған компаниялар белсенді қатысты.

Шырын өндіретін қазақстандық компаниялардың өкілдері табиғи және сапалы сусындардың кең ассортиментін, соның ішінде жеміс-жидек және көкөніс шырындарын, сондай-ақ консерванттары мен жасанды қоспалары жоқ нектарларды ұсынды.

Бал өндірушілер табиғи бал мен бал өнімдерінің түрлі түрлерін таныстырды. Макарон мен ұн дайындауға мамандандырылған компаниялар сатып алушылардың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне бейімделген отандық тамақ өнімдерінің жоғары сапалы қасиеттерін көрсетті.

Grandiose Supermarket өкілдері кездесуге қатысушылардың өнімдеріне қызығушылық танытып, олардың әрқайсысымен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Дубайға жұмыс сапары барысында Арман Шаққалиев LuLu Group International компаниясының директоры Салим Мамен кездесті. Кездесуге бөлшек сауда, жеке сауда маркаларын дамыту, тұтыну тауарларын сатып алу бойынша LuLu Group басшылары қатысты.

Желі өкілдері қазақстандық етті сатып алуға қызығушылық танытты. Сонымен  қатар тауық еті мен жұмыртқаға сұраныс артты. Қазақстаннан сый-сыяпатқа  тауарлар - уылдырық пен бал сатып алу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Қазақстандық TARTU PRO компаниясы директорының орынбасары Бақытжан Жұмаділов әлеуетті әріптестеріне өзінің тауашалық өнімі - мал етінің қошқарларын таныстырды. Grandiose Supermarket өкілдері қазақстандық өнімдер бойынша одан әрі тұсаукесерлер өткізуге келісті және мүмкін болатын ынтымақтастық туралы айтты.

QazTrade Қазақстан Республикасында экспортты дамыту жөніндегі жетекші агенттік болып табылады және елдің экспорттық бизнесін ынталандыру мен қолдауда негізгі рөл атқарады.

Grandiose және Lulu Group компаниясының өкілдерімен кездесуді ұйымдастыруға қатысу QazTrade компаниясының қазақстандық тауарлардың әлемдік нарықтарға экспортын қолдау жөніндегі тұрақты жұмысының тағы бір қадамы болды.

Ghassan Aboud Group/Grandiose Supermarket - клиенттер үшін жоғары сапалы тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынатын премиум-супермаркеттер желісі. Желінің Абу-Дабиде көптеген филиалдары мен ірі хабы бар, бұл оны БАӘ-де ғана емес, сондай-ақ елден тыс жерлерде де бөлшек сауданың маңызды қатысушыларының біріне айналдырады

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив