Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Бұлабаев қызметінен босатылып, Хамзаев сөгіс алды

Бүгін, 13:55 Сәтжан Қасымжанұлы

Семейдің орталық алаңында Жаңа жыл шыршасын орнату кезінде оқыстан құлаған N49 мектеп мұғалімі Қуат Айтқалидың жағдайына байланысты Абай облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев пен Семей қалалық әкімдігінің аппарат басшысы Нұржан Есенжолов БАҚ өкілдеріне түсінік берді. 

Н. Ахметқалиевтің айтуынша, бұл жұмысқа қаладағы 49, 19, 40 мектептің үш мұғалімі қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаевтың «әкімдіктен түскен өтінішке байланысты» тапсырма беруімен тартылған. Алайда, бұл нұсқау «Педагог мәртебесі туралы» заңға қайшы келеді. Ең ауыры сол, жас ұстаз Қуат Айтқали шыршаның үстіңгі бөлігінде тұрғанда биіктен құлап,  ауруханаға түсті.

 

- Орын алған жағдай Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қайшы. Себебі, педагогтарды өз міндетінен тыс жұмысқа тартуға тыйым салынған. Зардап шеккен ұстазға барлық тиісті медициналық көмектер көрсетілуде. Ал осы жағдайға жол берген үш мектептің директорына қатаң тәртіптік жаза қолданылды. Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев қызметінен босатылды. Орын алған жағдай Оқу-ағарту министрінің және облыс басшылығының тікелей бақылауында,- деп мәлімдеді Н. Ахметқалиев.

Таңғаларлығы сол, мұғалімдерді негізгі міндетінен тыс жұмысқа тартып жатқаны жөнінде қалалық білім бөлімі облыстық білім басқармасына ескертпей, өздігімен шешім қабылдаған. Нұржан Ахметқалиев бұған қоса «Педагог мәртебесі туралы» Заң талабын сақтау арнайы өтетін жиналыстарда үнемі айтылып отыратынын да атап өтті. Сонда қалалық білім бөлімінің басшысы Б. Бұлабаев өзінің заңға қайшы әрекетке барып отырғанын қалай сезінбегені түсініксіз. Бұдан бөлек білім басқармасының басшысы зардап шеккен мұғалімнің отбасына қысым көрсетіліп жатқаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын атап өтті.

Ал Семей қалалық әкімдігінің аппарат басшысы Нұржан Есенжолов шырша құру кезінде жағдайды дұрыс бақылауға алмағаны үшін қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаевқа қатаң сөгіс жарияланғандығын мәлімдеді. 

  

- Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің порталы арқылы «Eлка.кз» деген фирма ұтып алған болатын. Ол фирманың міндеті тек қана шыршаны жеткізу. Орнатуға қаражат қарастырылмағандықтан қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне  волонтерлік көмек қажет болды. Орын алған жағдайға байланысты осы жұмысты ұйымдастыруға жауапты қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаевқа ісіне немқұрайлы қарағаны үшін қатаң сөгіс берілді. Қазір науқастың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қажетті көмектер де көрсетіліп жатыр. Педагогтың жағдайы тікелей бақылауымызда, - деді Н. Есенжолов.

Қосымша айта кетейік, Қуат Айтқали 1993 жылы 31 қазанда Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. «Алақұлын, «Бір кесе мұң», « Ажал иесі» атты әңгімелерідің авторы. 49 мектепте қазақ тілі мен әдбиеті пәнінен 2 жылдан бері ұстаздық етіп келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив