Аймақ басшысы облыс активімен кездесті
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс активімен кездесті. Кездесуде басшылық лауазымға жаңадан тағайындалғандарды таныстырды. Олардың қатарында облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев бар.
Аймақ басшысы жаңа қызметке тағайындалған азаматтарға сәттілік тілей отырып, облысты өркендету жолында еңбек ететіндіктеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босаған Әділбек Мұсабаев пен Нұрбол Нұрсағатовқа атқарған жұмыстарына ризашылық білдірді.
«Күні бүгінге дейін облысымызда ауқымды шаруалар жүзеге асты. Алда атқаратын істер аз емес. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беруіміз керек. Жоспарымыздағы жобаларымызды бірлесе еңсеру міндеті тұр», -деді облыс әкімі.
Жиында сөз алған Нұрбол Нұрсағатов әріптестері мен Семей жұртшылығына алғыс айтты.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ