Абай облысында «цифрлық теңге» жобасын кеңейту ұсынылуда
Өңірде сараптама процестерін цифрландыру және техникалық қадағалау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, техникалық қадағалау жұмыстарының сапасы жиі сын көтермейді: қарастырылған зертханалық зерттеулер көбінесе жүргізілмейді. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар техникалық қадағалауды өтеусіз негізде тарту үшін меморандум жасасу мүмкіндігіне ие.
Сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында агенттік сараптама процестерін цифрландыру, техникалық қадағалау қызметін жетілдіру және «цифрлық теңге» пилоттық жобасын Абай облысында кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеген.
Сонымен қатар, Нұрлан Қыдырбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл жобаға 38 ерікті қатысуда.