Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
520.27 537.65 5.24

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

25-12-2024, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бері ақпарат алу үшін 100 миллионға жуық сұраныс өңделді. Платформа күннен-күнге қазақстандықтар үшін қолайлы әрі танымал болып келеді.

Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама сұраныс мөлшері бойынша көш басында – одан 44 миллион берілді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу процесін қарапайым әрі ыңғайлы етті. Бүгінгі таңда жүйе жылжымайтын мүлік бойынша 8 және жер кадастры бойынша 4 қызмет көрсетеді. Оның ішінде – құқық белгілейтін құжаттардың, техникалық төлқұжаттың, жер учаскесінің кадастрлық паспортының телнұсқаларын алу, сондай-ақ мемлекеттік кадастрлық картаға цифрлық ипотеканы тіркеу.

Жылжымайтын мүлікке техникалық құжат пен жер учаскесі актісін бір құжатқа, яғни кадастрлық төлқұжатқа біріктіру – негізгі өзгерістің біріне айналды. Жүйе іске қосылғаннан бері мұндай 813 716 төлқұжат берілді.

ЖМБМК заманауи цифрлық экожүйесі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және платформалармен интеграциялану арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етті. Айта кету керек, ЖМБМК еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып саналып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив