Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Астанада перинаталдық орталық салу жобасы мақұлданды

26-12-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жобаны Астана қаласында, Сарыарқа ауданында, Ш. Қосшығұлұлы мен Ақан Сері көшелерінің қиылысында іске асыру жоспарлануда.

Перинаталдық орталықтың құрылысы 2 кезеңге бөлінген.

1-кезең негізгі ғимараттың іргетасы мен қаңқасын жобалау мен салуды қамтиды, мәжіліс залы, әкімшілік және микробиологиялық зертхана ғимараты бар.

2-ші кезеңде қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік шешімдерін (автомобильдерге арналған гаражы бар техникалық блок, БӨП, медициналық газдар ғимараттары, ТП), сәулеттік шешімдерді, негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық шешімдерді, ішкі инженерлік жүйелерді, сыртқы инженерлік желілерді, бас жоспарды жобалау және салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда «Мемсараптама» РМК жобалау-сметалық құжаттаманың 1-ші кезеңіне оң қорытынды берді.

Жобаның тапсырыс берушісі «Объектілерді салу жөніндегі Компания» корпоративтік қоры. Бас жобалаушы – «IT Engineering SA» фирмасының филиалы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив