Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

26-12-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 150 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Оған Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов қатысты.

Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Сондай-ақ балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі.

Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив