Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қала әкімінің шыршасы ерекше форматта өтті

27-12-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 200 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев қатысты. 

Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты. 

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды.  Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады.  Сондай-ақ балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі.

Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив