Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Үйлестіру кеңесінің отырысында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды

27-12-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері және 2025 жылға арналған Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды.

ҮЕҰ басшыларының есебі тыңдалды.

Елде барлығы 22 227 ҮЕҰ тіркелген. Биыл аталмыш ұйымдардың қатысуымен 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Үйлестіру кеңесінің 4-ші отырысы аясында 50-ден астам ұсыныс қаралды, оның шамамен 40-ы орындалды. Осы кезеңде 11 әкімдіктің есептері тыңдалып, нәтижелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив