Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Аталған адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.
Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.
Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.