Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысында 9 балабақша салу жоспарда бар

5-01-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 226 мыңнан астам бала білім алатын 561 білім беру мекемесі бар. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында биыл мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру және балаларды толық қамту мақсатында 2 жекеменшік балабақша ашылып, 183 жаңа орын пайдалануға берілген. Сонымен қатар қолданыстағы мектепке дейінгі мекемелердің сыйымдылығы 1466 орынға ұлғайтылды. 

«Сонымен қатар 2027 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, облыстағы 8700 оқушының орын тапшылығы мәселесі 4 жайлы мектеп пен 6 шағын жинақты мектептің құрылысы арқылы шешілетін болады», – дейді Абай облыстық білім басқармасының басшысы Н. Ахметқалиев.

Қазіргі күнде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт мектептің құрылысы қарқынды жүргіп жатыр. Семей қаласының сол жақ бөлігінен салынып жатқан көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар Абай ауданында 40 орындық балаларға арналған жазғы лагерьдің құрылысы қолға алынған.

- Білім саласына жеке инвестициялар тарту нәтижесінде биыл облыс орталығында «KAZ Minerals Management» компаниясының қаржыландыруымен 1200 орындық IT мектеп ашылды. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту мақсатында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі өз жұмысын бастады. Қыркүйек айында «Қаражыра» АҚ-ның жеке инвестициялары есебінен М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде 300 орындық концерт залы пайдалануға берілді, – дейді Н. Ахметқалиев Абай өңірлік коммуникациялық орталықта БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Спикердің айтуынша, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 46 мектепке 48 жаңа пәндік кабинет сатып алынып, 320 интерактивті панель орнатылған. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 4 тірек мектепте жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауылдық 127 мектепте Starlink жүйесі қосылып, интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тен 100-200 Мбит/с-ке дейін артқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив