Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Облыс әкімі тұрғындармен бірге құс ұяларын орнатуға қатысты

5-01-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде қоршаған ортаны сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен бірге «Бейбітшілік» аралында 35 құс ұясын орнатуға қатысты. Ұяларды «Семдортехника» ЖШС әзірлеген.

«Осындай шаралар жастарымызды табиғатты сүйіп қана қоймай, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Біз осындай акцияны алдағы уақытта да жалғастырып, қала тұрғындарын көбірек қатыстыруды көздейміз», - деді облыс әкімі.

Қаладағы табиғаты көркем, ең көрнекті орындардың бірі саналатын «Бейбітшілік» аралы осындай бастамалармен шаһар тұрғындары мен өңір қонақтарын өзіне көптеп тартары анық.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив