Қарулы күштердің азық-түлік қызметін жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы нормаларды оңтайландыру және құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген.
Шымкентте, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жазғы кезеңде сумен жабдықтау нормаларында қосымша үлесті арттыру ұсынылады. Сумен едәуір жабдықтау нормасы әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер, оқу-жаттығу полигондары мен орталықтарында әскери даярлықтан өтетін әскери кафедралардың студенттеріне де қарастырылады.
«Әскери қызметшілерді жеке пайдалану мүлкімен (мүкәммалдық мүлік) қамтамасыз ету» туралы 46 норма бойынша металл қазандар, колбалар және оларға қақпақтар беру көзделеді.
Радиациялық тәуекелдерге байланысты міндеттерді орындайтын РХБҚ бөлімшелерінің жеке құрамына қосымша емдік-профилактикалық рациондарды қосу ұсынылады.
Бұдан өзге 6 норманың: «Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы әскери спорт колледжінің курсанттарына арналған рациондардан» тақырыбын «Әскери спорт колледждерінің тәрбиеленушілеріне арналған рациондарға» тақырыбына өзгерту ұсынылады.
Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15387024 сілтемеге өтіп танысуға болады.