Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.3 544.86 4.95

Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды

5-01-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің он құтқарушысына Ақтау қаласында орын алған ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай операцияға қатысушыларға наградалар табыс етті. Мәселен өрт сөндіру қызметінің және мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш өкілі:

Байтөре Олжас Серікбайұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,

Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,

Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Мына қызметкерлер:

Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,

Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,

Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,

Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі

Құбайдуллаев Заманбек Мұратұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,

Оразбеков Оспан Жалғасынұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медалмен марапатталды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы «Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.

Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық мекемелердің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарын алды, олар да адамдарды құтқаруда және қайғылы оқиғаның салдарын жоюда шешуші рөл атқарды.

Марапатталғандардың ішінде 68 адам, оның ішінде ТЖ департаментінің 24 қызметкері және облыстың түрлі салаларының 44 өкілі бар. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың атынан марапаттарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов табыстады.

Бұл марапаттар өз еңбектерімен өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуына елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың апатты жоюда көрсеткен жоғары кәсіби біліктілігін, жанқиярлық пен батылдығын мойындау болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив