Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.3 544.86 4.95

ШҚО-да экология департаментінің басшысы сотталды

6-01-2025, 10:54 018.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заң пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алдын алу шаралары шеңберінде үкімді жариялау Экология комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимде өтті.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив