Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.75 540.6 5.12

Көпір қалыпты жұмыс істеп тұр

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен жылдың көктеміндегі тасқын «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» аудандық маңызы бар тасжолындағы көпірдің бүлінуіне әкелген еді. Алайда шұғыл шешімдердің нәтижесінде Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді. Жергілікті және облыстық атқарушы билік тарапынан тиісті көмек көрсетілді. Көпірді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев арнайы келіп көріп, мәселенің оң шешілетіндігін айтқан болатын.

«Зайсан - Құрылыс» компаниясы құрылыс жұмысын ойдағыдай аяқтады. Бүгінде көпір қалыпты жұмыс істеп тұр.

«Көпір біздің ауылдық округ үшін өте маңызды. Көпіріміз бүлінген кезде алаңдап қалғанымыз рас. Алайда облыс әкімі жағдайды жедел бақылауына алып, тиісті шараларды жүзеге асырды. Енді міне, жаңа көпір халыққа қызмет жасап тұр. Ауылдықтар атынан алғыс айтамыз», -дейді ауыл тұрғыны Өкен Тыныбаев.

Аталған көпір арқылы Кіндікті, Алғабас ауылдарына және Ырғызбай ата кесенесіне баратын жолаушылар қатынайды. Жалпы Кіндікті ауылдық округінде 631 адам тұрады. Ырғызбай әулие кесенесіне жылына алты мыңға жуық турист келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив