Абай облысында пиротехникалық өнімді заңсыз сатудың 45 фактісі анықталған
Облыс полицейлері мен құтқарушылары өткен мереке күндерін қорытындылады. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірде 123 оқиға орын алған, оның ішінде бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бар. Сонымен қатар, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін 400-ден астам адам жауапқа тартылған. Бұл күндері көбінесе қылмыстар қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған. Осыған сәйкес 344 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасы.
Сонымен қатар, Семейде денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру оқиғасы тіркеліп, ол істе анықталған. Бұл күндері ұрлық фактісі де орын алды. Құқық қорғау органдарының жеделдігінің арқасында іс ашылып, Үржар ауданында қылмыстық акт толтырылды.
Пиротехникалық өнімді заңсыз сату нүктелеріне рейдтер мереке күндерінен бұрын жасалған. Заңсыз кәсіпкерлерден контрафактілік өнімдер де тәркіленді. Полициямен бірге құтқару қызметінің қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындарын құрықтау бойынша 119 рейд жүргізген.
Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс күндері пиротехникалық бұйымдардан жарақат алу жағдайлары тіркелмеген.