Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
444.58 510.29 5.27

Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

10-01-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр – Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды.

Премьер-министр Азамат Есқараевқа министр қызметінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ерлан Сәрсембаевты таныстыру барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына қойған бірқатар міндеттерді атап өтті. 

Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды.

Парламентпен өзара тығыз іс-қимыл жүргізу, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттілігі нақтыланды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив