Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
530.24 543.97 5.16

Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті

Кеше, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады. Сала өкілдері: «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Әсел Жанасова, «Халық банкінің» төрағасы Үміт Шаяхметова, «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев баяндамалары тыңдалды. 

2024 жылы Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, ал бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. 

Электрондық сауданың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі маңызы атап өтілді. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.

Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.

«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды. Маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты да сұрақтар бар. Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді.

Премьер-министр Қазақстандағы бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірлеу міндетін қойды.

Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, электрондық саудадағы тұтынушылар құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу қажет. Олжас Бектенов ақпан айының соңына дейін тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. 

Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Электрондық сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі бұрын қабылданған жоспарын, отандық бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын және маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, құжаттың ережелерін биылғы наурыз айының соңына дейін өзектендіру қажет. 

Мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру міндеті қойылды.

Сондай-ақ «Қазпоштаның» қазіргі әлеуетін күшейтуді тапсырды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Сауда және интеграция министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторының даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив