Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Айбек Сыдықов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

15-01-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған. 

2007–2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі»  КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.

2015–2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.

2016–2022 жылдары — «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив