Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Әскерилер Астана тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

23-03-2023, 08:37 Думан Кенжеғазыұлы

Елорданың халықаралық әуежайында және "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары мен құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері мерекелік концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары халық және патриоттық әуендерді, әскери марш және танымал хиттерді орындады. Олардың өнерін құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының карабиндерімен дефиле толықтырды.

Батырға тән кейіптері, мінсіз сап элементтерін орындау кезіндегі қозғалыстың үйлесімділігі көрермендердің шынайы ықыласын тудырды.

Әскери қызметшілердің көпшілікке арналған осындай импровизацияланған шығармашылық кездесулері бірлікті арттырып, рухты нығайтады және белсенділікті шыңдайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив