Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.5 601.62 6.61

Қазақстан Сыртқы істер министрі АҚШ Елшісін қабылдады

16-01-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-америкалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде АҚШ Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы барысында үнемі қолдау көрсетілгені үшін шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанмен өзара құрмет пен сенім рухында ынтымақтастықты нығайтуға Құрама Штаттарының бейілділігін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу АҚШ Елшісіне Қазақстандағы жұмысы барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, алғыс хат табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив