Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Ұлы ақынның мерейтойына дайындық аясында орталық мешіт жаңартылады

17-01-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Талғат Мұратов Абай Құнанбайұлы мешітінде болып, Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлымен кездесті.

Кездесу барысында мешіт ішін жаңарту туралы жоспарлар айтылды. Мешіттің ішін қазақи ою-өрнектермен жаңа эскиз бойынша безендіру жөнінде сөз қозғалды.

«Алда Ұлы ақын Абайдың 180 жылдық мерейтойы келе жатыр. Қаламызға арнайы келген қонақтар орталық мешітке соқпай кетпейді. Сол үшін қажетті жұмыстарды қолға алуымыз қажет, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, мешіттің сыртын абаттандыру қажеттігі де сөз болды. Нақтырақ айтқанда қосымша жарық орнатып, аулаға ағаштар егіп, мешіт айналасын көрікті ету керек.

Еске сала кетейік, 2024 жылы мешіт жанынан ұлдар медресесі мен қатымхана ашылып, пайдалануға берілген еді. Осы ретте бас имам қыздар медрессесін ашу жоспары туралы ойларын білдірді. Бұл жобаның жүзеге асуы жастарды тәрбиелеу мен білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив