Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
530.12 546.08 5.17

Абай облысында 179 борышкер жұмысқа орналастырылған

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Өңірде алимент төлемеген борышкерлер мәселесі шешілуде. 2024 жылы алимент бойынша 10 мыңға жуық іс орындалып, оның 900-ден астамы 1,4 миллиард теңге көлеміндегі қаржы бойынша мәселелік деп танылған. Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде бұл мәселелерді шешу үшін қазіргі таңда түрлі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.

- Бізде қабылданған шаралардың бірі- бос орындар жәрмеңкесі. Мұнда борышкерлерге жұмыс табуға және сол арқылы алимент міндеттемелерін орындауға көмектеседі. 2024 жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 179 борышкер жұмысқа орналастырылды, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, өз міндеттемелерін орындамағандар үшін мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданған. Өткен жылы 157 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішіндегі 146 іс  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 – бабы бойынша  қаралған. Сот орындаушысы белгіленген мерзім асып кеткеннен кейін алимент төлеуге мәжбүрлеу үшін айыппұлдар салып, өсімпұлды өндіріп ала алады. 

- Біз алименттерді мәжбүрлеп орындау бойынша жұмысты жалғастырамыз және бұл жұмысты одан әрі күшейтетін боламыз. Мәселелік  алимент барлық атқарушы істердің көп бөлігін құрайды. Тіпті, балалардың мүддесі үшін сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданады. 2024 жылы 55 қылмыстық іс тіркелді, оның 46 – сы балаларды асырау жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты, - деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив