Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Кәсіптің гүлденуі – қала гүлденуі

20-01-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Талғат Мұратов кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жиын барысында бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, бірқатар маңызды сұрақтарды көтерді.

Қала тазалығы, абаттандыру, жұмысшы мамандықтардың жетіспеушілігі сынды сұрақтар талқыға түсті. Атап өткендей, қалада дәнекерлеуші, инженер, слесарь сияқты мамандар жетіспейді. Сонымен қатар әкім өз сөзінде жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасау керек екенін жеткізді.

«Сіздердің еңбектеріңіз – қала дамуының негіздерінің бірі. Қолдауларыңыздың нәтижесінде қаламыз көркейіп, жаңа биіктерге жетуде. Әрбір салық, әрбір жоба – қала болашағына қосқан үлес. Сіздердің арқаларыңызда тұрғындарымыз да тұрақты табысқа ие», - деді қала әкімі.

Әкім кәсіпкерлерді Семейдің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырып, бастаманы бизнес өкілдері де қолдады.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив