Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.58 546.15 5.29

Заңды білу - заман талабы

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу» атты проблемалық сұрақтар сағатын  өткізді.

Шараға Абай облыстық ІІД Семей қалалық ПБ Орталық ПБ бастығы полиция подполковнигі Жәнібек Шаймұратұлы Десюпов, Орталық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысының орынбасары аға лейтенант Жасулан Советтолеуович Аузов, полиция майоры Маржан Неспаева, кадр бөлімінің инспекторы полиция капитаны А.К Есембаева, полиция қызметінің жедел уәкілі, аға лейтенант Ерасыл Сарсембаев, Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Дильназ Кененбаева, Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Нурсултан Баймаганбетов, Абай облысы заң консультанттар палатасының заң консультанты Дана Хамитова және Көлік колледжінің студенттері қатысты.

Кітапханашы іс-шараны Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі туралы әңгімеден бастады. Заңды білу – уақыт талабы және әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Заңды бұзбай, түзу жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат ғана мақсатына жетеді.

Іс-шараны жалғастырған полиция подполковнигі Жәнібек Шаймұратұлы Десюпов жастар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы толығырақ айтып, кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазаларға тоқталып, ұялы телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлеріне ақпарат берді.

Келесі кезекте сөз алған аға лейтенант Ерасыл Сәрсембаев студенттерге бейнеролик көрсетіп, қылмыс жасап бас бостандығынан айырылған жасөспірімдердің өмірі туралы айтып, жеткіншектерді абай болуға, оңай жолмен ақша ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырды. Сонымен қатар, полиция майоры Неспаева Маржан, полиция капитаны А.К Есембаева және Абай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Дильназ Кененбаева бұзақылық, алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат беріп, жастарды заң мен тәртіпті бұзбауға шақырды.

Проблемалық сұрақтар сағаты жалғасында «Жасөспірім және қылмыс» атты бейне ролик көрсетіліп, кітапханашы, «Заңды білу - заман талабы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.


 

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив