Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
523.2 594.3 6.38

Үкімет қаулысымен әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

22-01-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт «Резервтегі қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасымен әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, жоғарыда көрсетілген заңда көзделген нормалармен тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін, тағайындалуын, қайта есептелуін, жүзеге асырылуын, тоқтатылуын, тоқтатыла тұруын және қайта басталуын есептеу қағидаларын сәйкестікке келтіру ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив