Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.26 602.13 6.62

Әлия Молдағұлованың ерлігі мәңгілік

28-01-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Барлық жерде мыңдаған қазақстандықтар қорғаған Ленинград блокадасының алынған күніне орай еске алу шаралары өтіп жатыр.

Олардың арасында 1944 жылғы 14 қаңтарда Ленинград-Новгород операциясында ерлікпен қаза тапқан мерген қыз Әлия Молдағұлова бар.

Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери қызметшілері құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды.

Санкт-Петербург қаласы Красногвардейский ауданының қалалық алаңында әскери жоғары оқу орнының қазақстандық курсанттары мерген қыз Әлия Молдағұлованы еске алды. Болашақ офицерлер 2019 жылы Нева қаласындағы Батыр атындағы көшеде ашылған қоладан жасалған мүсіндік композицияға гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға қатысушылар Жеңіс жолында өз өмірін қиған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға тағзым етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив