Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
516.85 537.68 5.26

Таразда ұшқышсыз авиациялық жүйелердің ұшуын басқаруды ұйымдастыру бойынша курс өтті

Кеше, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау және оларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сонымен қатар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның қызметкерлері курстық даярлықтан өтті. 

Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдану барлық күш құрылымдарының жұмысының ажырамас бөлігіне айналады. Бұл құрылғылар шектеулі ресурстар мен тығыз уақытта тапсырмаларды тез әрі сәтті орындауға кепілі бола алады. Оқыту барысында мамандардың алған білімі ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді пайдалана отырып, әртүрлі операциялардың тиімділігін арттыруда шешуші болмақ.

– Оқытудан кейін мамандар бұл авиациялық жүйелердің ұшуларын басқарып қана қоймай, оларды құқық тәртібін қорғаудан бастап төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекетті қамтамасыз етуге дейінгі әртүрлі салаларда пайдалануды жоспарлай алады, – деп атап өтті ҰҰА мамандарды даярлау және жауынгерлік қолдану оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков. – Бұл Қазақстан күш құрылымдарының жауынгерлік және жедел дайындығын арттырудың тағы бір қадамы.

Оқыту курсы күрделі жағдайларда және әуеайлақ алаңдарынан тыс ұшқышсыз басқарылатын әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру және басқару бойынша теориялық және практикалық сабақтар кешенін қамтыды. 

– Дайындық ұшқышсыз ұшатын аппараттармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және оларды әртүрлі жағдайларда тез қолдануға үйренуге жақсы мүмкіндік береді. Алған білім кәсіби қызмет саласын кеңейтеді, – деп атап өтті Әскери-әуе күштері жауынгерлік даярлық басқармасының офицері подполковник Ерлан Сүйкімбаев.  

Оқу бағдарламасы аяқталған соң курс тыңдаушылары сынақ тапсырып, мамандарға жаңа біліктілікті растайтын сертификаттар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив