Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Арнайы операциялар күштерінің командасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі беделді жарыстарға қатысады

29-01-2025, 10:45 Думан Кенжеғазыұлы

Арнайы күштердің басты сынағы мәртебесіне ие «The UAE SWAT Challenge» арнайы бөлімшелердің халықаралық жарыстары 1-5 ақпан аралығында Дубайда өтеді.

Оған 70-тен астам елден 121 команда қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 1300 адамнан асады. Қазақстан Қарулы күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан барлығы 12 команда қатысады. Жарыс арнайы күштердің халықаралық топтары арасында тәжірибе алмасуға, дағдыларын арттыруға, бөлімшелердің білімдерін көрсетуге бағытталған.

Қатысушы командалар әр түрлі тактикалық категорияларда бес қиын сынақтан өтуі керек. Онда дәлдік пен командалық жұмысты көрсету қажет. Олардың барлығы Дубай арнайы күштерінің мамандандырылған оқу орталығының базасында өтеді. Ұйымдастырушылар жаһандық деңгейде барлық SWAT командалары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және қатысушыларға арнайы бөлімшелердің кәсіби стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік беру міндетін қойып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің «Жаубасар» командасы Шарджа қаласында жарысқа дайындықтың белсенді кезеңінен өтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив