Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.26 506.7 5.58

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады

30-01-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 24 қаңтарда Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Келісім банк кепілдіктерін өзара тануды белгілейді, бұл мүше мемлекеттердің өнім берушілерінің ЕАЭО-ның басқа елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тең шарттарда қазақстандық қаржы мекемелері берген банк кепілдіктерімен ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.

Бұл ұлттық кәсіпорындарға ЕАЭО-ның басқа елдерінде жаңа банк кепілдіктерін ресімдеу қажеттілігін қысқартады.

Айта кету керек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарығы 100 млрд.АҚШ құрайды. Қабылданған келісім ұлттық кәсіпорындар үшін шектеуді алып тастайды.

Келісімді ратификациялау рәсімі ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттерінде аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив