Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.26 506.7 5.58

21 учаске бойынша аукционның жазылу бонусы 20 млрд теңгеден астам соманы құрады

30-01-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «minerals.e-qazyna.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбалар қоры бар жер қойнауының 24 учаскесі бойынша электрондық аукцион өтті.

Аукционға барлығы 50-ден астам компания қатысты. Қол қою бонусының жалпы сомасы 20 млрд 69 млн теңге құрайды.

Аукционға шығарылған 3 учаске бойынша өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өткізілмеді. Осы учаскелер бойынша аукцион қайта жарияланатынын хабарлаймыз.

Қол қою бонусының расталған мөлшері қорытындылар хаттамасына қол қойылған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде төленуге тиіс. Жеңімпаз қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, қатысушы растаған қол қою бонусын төлеу жөніндегі басымдық пен міндеттемелер қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған келесі аукцион қатысушысына ауысады.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау, жоғары қосылған құны жоғары өнім алу (көмір химиясы), Қазақстанда қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және т.б. секілді қосымша міндеттемелер белгіленгенін айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив