Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
519.28 540.05 5.31

Кәсіпкерлерге аяқ киімді таңбалауға рұқсат болатын қоймалардың тізімі бекітілді

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қойма нысандарының тізімі тоқсан сайын жаңартылып отырады, бұл үрдіс өз кезегінде бизнес үшін деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді. Компаниялар қоймасын тізімге кіргізу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін құжаттар пакетімен бірге өтініш жіберуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлер аяқ киім өнімдерін шығарылғаннан кейін оны ішкі нарыққа немесе реимпорттаудан бұрын таңбалауға болатын қоймалардың тізбесін бекітті. Ережеге сәйкес компаниялар өз сұранымдарына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • қоймаға меншік құқығын немесе оны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
  • көлік құралдарының кіруі мен шығуын, адамдардың кіруі мен шығуын бақылау жүйелері, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі туралы ақпаратты қоса алғанда, қойманың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.

Бүгінгі таңда Аналитикалық платформаның мәліметтері бойынша таңбалау жүйесінде аяқ киім айналымының 4 418 қатысушысы тіркелген, оның ішінде: 1 759 импорттаушы, 88 өндіруші, 118 көтерме және 2 453 бөлшек сауда өкілі.

Аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілген күннен бастап (2021 жылдың 1 қарашасынан) 130,65 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 40,42 миллион таңбалау коды айналымға енгізіліп, оның 39,3 миллионы айналымнан шығарылды. Жыл басынан бері 2,52 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 642 мың дана тауар айналымына шығарылып, оның 584 мың данасы тауар айналымынан шығарылды.

Анықтама үшін: Үкіметтің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000095). Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035129). Келесі өнім топтары бойынша таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив