Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Ақсуат ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді

31-01-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізетін 1 аудандық және 9 мобильдік топ жұмыс істеуде. Дүкен иелеріне атқарушы билік органдарымен арада жасалған меморандумда көрсетілген талаптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмысты үнемі жүргізіледі.

Бүгінде сауда дүкендері иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне үстемені 15 пайыздан асырмау туралы екі жақты 92 меморандум жасалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында жыл бойы жәрмеңке өткізілді. Былтыр 18 жәрмеңке өткізіліп, жергілікті жерде өндірілген өнімдер халыққа қолжетімді бағада ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның тауар өңдірушілері екі мәрте Семей қаласындағы «Северный» сауда базарындағы жәрмеңкеге қатысып, сиыр, қой, жылқы етін бекітілген бағада саудалады.

Шағын және орта бизнес те дамып келеді. 2024 жылы ауданда 8 жаңа шағын бизнес нысаны іске қосылды. «Ағайынды» сауда үйі, «Қамбар» мини-маркеті, «Дос» мейрамханасы, Құмкөл ауылынан «Кенжеғали» мини-маркеті сияқты бірнеше нысан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив