Абай облысында 4 мыңға жуық қыз балаға вакцина салынды

Адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы Абай облысында 4 мыңға жуық қыз баласы вакцина алған. Аталған деректі Семей қаласының эпидемиологтары мәлімдеді.
Еске сала кетсек, өткен жылы өңірде мектеп оқушыларын иммундау науқаны басталған болатын. Осыған вакцинация оқу орындарындағы медициналық кабинеттерде ата-аналардың міндетті келісімімен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілеуде.
2024 жылдан бастап қыз балаларды АПВ-ға қарсы иммундау Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілді. Жатыр мойны обырының кең таралуымен байланысты – Қазақстанда жыл сайын осы аурудың 2 000-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Халықаралық зерттеулердің нәтижесінде вирус таралуын және онкологиялық аурулардың даму қаупін вакцинация төмендететіні дәлелденген.
Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар мемлекеттерде жаппай вакцинация нәтижесінде вирус таралуы әйелдер арасында 90%-ға дейін төмендеген.