Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қала әкімі Семей орманындағы «Денсаулық жолын» аралады

5-02-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі жұмыс сапары аясында РММ «Семей орманы» аумағына барып, «Денсаулық жолы» маршрутын аралап шықты. «Денсаулық жолының» ұзындығы 5 км құрайды және бұл жер қала азаматтарының демалысы үшін ерекше орынға айналуда. Отбасыларымен бірге демалуға келетін қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі тыныш орта.

Сапар барысында қала әкімі мердігерлермен бірге жол жасау, жарықтандыру және жылы вагондар орнату мәселелерін талқылады.

«Қала тұрғындарының сапалы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Денсаулық жолын» одан әрі дамыту маңызды. Бұл жол өзінің аты айтып тұрғандай спортпен шұғылдануға арналған денсаулық жолы бола білуі тиіс» - деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Осыған дейін қала әкімі Талғат Мұратов «Денсаулық жолын» аралап шығып, аумақты абаттандыру қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Әкім тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив