Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстан мен Бразилия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеуде

5-02-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

А.Рахметуллин биылғы жылы халықаралық сахнадағы бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Белемдегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі.

Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив