Семей қаласының әкімдігі: әр өтініш мұқият тыңдалды
Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды. Кездесу барысында жер, су құбырын тарту, жылу, балабақша кезегі, жарықтандыру, автобус және т.б. мәселелері көтерілді.
Кездесуге 24 адам қатысып, әр өтініш мұқият тыңдалды.
«Әр кездесу сайын қала халқының әрбір өтінішіне көңіл бөліп, шешуге тырысудамыз. Қоғамдық көлік мәселесі Семейдегі өзекті тақырыптардың бірі. Таңертең бірі жұмысқа асықса, енді біріне оқуға бару керек, сондықтан бұл мәселелерді дер кезінде шешуіміз қажет», - деді қала әкімі Талғат Мұратов.
Кездесу соңында әкім бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, заң аясында жұмыс атқаруды тапсырды. Көтерілген әрбір мәселе қала әкімінің бақылауында.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі