Су тасқынына қарсы шаралар қолға алынуда

Үржар ауданы бойынша көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Күні бүгінге дейін елді-мекендерден 5424 мың текше метр қар шығарылды. Жұмыс әлі де жалғасуда. Су соруға арналған жиыны 20 дана мотопомпа дайын.
Бензин қоры 5,6 тонна, дизельдік отын қоры 3,6 тонна. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына байланысты қосымша 14 тонна дизельдік отын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Егінсу су қоймасына 2016 жылы күрделі жұмыстар жасалып, пайдалануға берілген. Су қоймасының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Қарақол су қоймасында су транзиттік режимде ағады. Судың көлемін үнемі бақылау үшін қоймаларда кезекшілік қойылды.
Аудан бойынша 15 көпір, 159 су өткізгіш құбырлар бар. Күз айларында олар қоқыс пен шөптерден 100 пайыз тазартылды. 2025 жылғы көктемгі тасқын суды қалыпты жағдайда өткізу мақсатында былтыр 5 ауылда су тасқына қарсы іс-шаралар жүргізілді.