Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Абай облысында жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

25-02-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаевтың төрағалығымен Абай облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары мен кеңес мүшелері қатысты.

Отырыста жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылатын жұмыстар, NEET санатындағы жастарды қолдау, оларды қоғамға бейімдеу, білім алу және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері жастарға арналған жаңа жобалар мен бағдарламаларды енгізу мәселесін талқылап, нашақорлықтың алдын алу және зиянды әдеттерге қарсы профилактикалық шараларды күшейту жолдарын пысықтады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларына күн тәртібі негізінде бірқатар міндеттер жүктеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив