Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Курчатовта бірнеше жоба жүзеге асырылуда

28-02-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Курчатовта қаланы дамытуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Маңызды жобалардың бірі - құрылысы 2024 жылы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Кешен тұрғындардың спортпен шұғылданып қана қоймай, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құрайды.

Қаладағы қараусыз қалған тұрғын үйлер жаңартылуда. Қазіргі уақытта Курчатовтағы екі көшеде үйлерді қайта жаңғырту белсенді жүргізілуде. Бұл үйлер кезекте тұрғандарға беріледі.

«Қаламыз дамып келеді. Әрбір жаңа жоба - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Тозығы жеткен ғимараттарды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосады» дейді Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев.

Қазіргі таңда қаладағы 28 ғимарат қалпына келтіруге жарамды. 8 көп қабатты тұрғын үйдің екеуінде қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы екі тұрғын үйдің құрылысы басталады.

2020 жылдан бері қалада 4 көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді. Жаңғырған екі қабатты бір ғимарат Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі ретінде жұмыс істемек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив